Post Date: 16.02.2021
Ауған соғысының ардагерімен кездесу өтті
15 ақпан күні “Гуманитарлы экономикалык колледжінің” Жас сарбаз ұйымының жетекшісі Ермек Дәуренұлының басшылығымен ” Ауған ардагерлері” атты әскери патриоттық кездесу кеші ұйымдастырылды.
“Ерлік -жан дүниенің ұлы қасиеті” дегендей. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамыз Оқапов Асан Нариманұлымен кездесіп, естеліктерін тыңдап, сұхбат жүргізілді. Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағамызбен сұхбаттасу біз үшін бір ғанибет болды!