Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

    Special Description

    Мамандығы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».

    Біліктілігі: 1304043 «Техник – бағдарламашы».

    Оқу тілі: қазақ, орыс.

    9 сынып негізінде оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.

    11 сынып негізінде оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.


    1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрі бойынша)» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімнің типтік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

    1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрі бойынша)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары.

    Біліктілігі: 1304043 – «Техник-бағдарламашы» ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасына мыналар кіреді: оқу жоспары, оқу пәндерінің жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік және тақырыптық жоспар, оқу және тәжірибелік оқу бағдарламалары, негізгі және кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін оқу процесінің кестесі, сонымен қатар колледж миссиясына сәйкес тапсырмаларды орындау. Инновациялық қызмет дағдылары бар, қоғамның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тез бейімделе алатын, кәсіби қызмет мәселелерін тиімді шеше алатын және жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие бәсекеге қабілетті орта деңгейлі мамандарды қалыптастыру».

    Білім беру бағдарламасының мақсаты – тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделетін жасанды интеллект қолдана отырып, IT-технологиялар мен өндіріс саласында Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы кадрлары үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.