“Жас сарбаз” үйірмесі

Бұл бағдарламада әскери іс негіздерін оқып үйрету процесінде оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, ҚР егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді.
Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға бағытталған. Практикалық сабақтарды өткізу үшін автомат макеттері пайдаланылады.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару-жарақ және оқ дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларға аудару қажет.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар сап алаңында өтеді. Саптық элементтерді орындауды дағдыға айналдыру АӘД сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.
Әскери топография бойнша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өзінің тұрған жерін анықтай алуға және компос көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.
АҚ пен медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақыттарында ҚР халқын табиғи зілзала зардаптардан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шаралармен таныстырады.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі:
Қазақ жеріне, халқына деген патриоттық рухын ояту, тәрбиелеу;
Жауынгерлік сал-дәстүрлерді құрметтеу, әскери – оқу орындарына түсем деушілерге бағыт беру;
ҚР ҚК-нің жаңа қару – жарақ түрлерінен ақпарат беру, қару ұстаудағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру;
Қалалық, мектепішілік әскери-спорттық жарыстарға қатысып білімдерін практикалық шыңдау;
Денешынықтыру жаттығуларын меңгеру, салауатты өмір салтын наихаттау;
Ұжыммен жұмыс жасауға, әрқашан көмекке келуге, өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Жан-жақты, алғыр, шапшаң, тәрбиелі болашақ Отан қорғаушы болуға тәрбиелеу;

Міндеттері:
Үйірмеге қатысушыларды оқытудың, үйретудің басты міндеттерінің негізі, нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Отан алдындағы борышын өтеу, қасиетті парызы мен міндеті екендігін түсіндіру;
Оқушыларды әскери-спорттық ойындар мен жарыстарға тарту, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру;
Туған өлкенің тарихи-мәдени дәстүрін тануға, құрметтеуге баулу;
Өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына өзінің де қатысты екендігін сезіндіру;
Оқушылардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға баулу;

Күтілетін нәтиже:
Саптық дайындық
біледі:
пәрмен беруді;
басшыға келуді, баяндауды;
саппен жүруде пәрменді аяққа дұрыс беруді;
саптан шығуды, сапқа тұруды;
екі қатарға сапқа тұрғызуды
Атыс дайындығы
біледі:
ҚР Қарулы Күштеріндегі қару түрлерін;
арналуын ұрыстық қасиеттерін;
бөлшектерінің арналуын және қызметін;
Медициналық білім негіздері
біледі:
алғашқы медициналық көмек көрсетудегі дәрілердің қолдану ретін;
қан кетуді тоқтату үшін қажетті құралдарды;
қысып тұратын таңғышты қою ережелері.
жасай алады:
бұрау мен жгут салуды;
бекіткіш таңғыштарды пайдалануды;
науқастарды күтуды;
әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.
Әскери топография
біледі:
карта бойынша қашықтықты өлшеуді
карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

Үйірме жұмысының жоспары

ТақырыбыСағатМерзімі
1Үйірменің мазмұны, мақсаты мен міндеттері1Қыркүйек
2Саптық дайындық1Қазан
3Қарумен саптық тәсілдерді орындау1Қараша
4Калашников автоматын бөлшектеп жинақтау(уақытқа)1Желтоқсан
5Пневматикалық қарудан нысанаға оқ ату1Қаңтар
6Газ тұмылдырығын киіп шешу(уақытқа)1Ақпан
7Алғашқы медициналық көмек1Наурыз
8Азимут бойынша қозғалыс1Сәуір
9Жергілікті жерде картасыз бағдарлану1Мамыр