Саналы ұрпақ – ұлт болашағы. Ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі – тәрбие мен білімде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген басты қатер деп атап, бүкіл қазақстандық қоғамды онымен күресуде бар күш-жігерімізді біріктіруге шақырды. Осыған орай, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен механизмдер құра отырып, мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асырып келе жатыр.
Мақсаты: Білім алушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету. Заң алдындағы жауапкершілікті білімдерін арттыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
«Саналы ұрпақ» үйірме жұмысының алдына қойған міндеттері:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру
- білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
- ақпараттық қолдау;
- білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру;
- білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру;
- студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру.
«Саналы ұрпақ» клубынан күтілетін нәтиже
- колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға
жәрдемдесетін және қатысатан «Саналы ұрпақ» ерікті клубы
құрылды; - рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге
бағытталған шаралар іске асырылды; - студенттердің мемлекеттік билік институттарына сенімі арттырылды;
- студенттердің саяси-құқықтық білімдері қалыптастырылды;
- студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының
адамгершілік-этикалық құндылық негіздері қалыптастырылды; - адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын
қалыптастырылды, әр студенттің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті
қалыптастыруы бағытталды.
«Саналы ұрпақ» клубының жоспары
№ | Тақырыбы | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Саналы ұрпақ» ерікті-патриоттық клубының жұмысын ұйымдастыру. «Саналы ұрпақ» үйірмесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту. | Қыркүйек | Клуб жетекшісі Танина А. К. |
2 | «Адалдық алаңы» жобасын енгізу. Жобаның басты идеясымен, мақсаттарымен танысу. | Қазан | Клуб жетекшісі Танина А. К. |
3 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тәрбие сағаттарын және әнгімелесулерді өткізу. | Жыл бойы | Топ кураторлары |
4 | «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітапханада виртуалдық көрме өткізу | Қараша | Колледж кітапханашысы Касенова Р. К. |
5 | «Таза сессия» акциясы. | Желтоқсан | Топ старосталары |
6 | «Сыбайлас жемқорлық туралы не білемін» эссе сайысы. | Қантар | Клуб жетекшісі Танина А. К. |
7 | «Мемлекеттік қызметті алу» түсіндіру. | Ақпан | Клуб жетекшісі Танина А. К. |
8 | Жемқорлыққа қарсы зан алдындағы жауапкершілікті талқылау | Наурыз | Клуб мүшелері |
9 | Оқушылар арасындағы «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» суреттер байқауы. | Сәуір | Клуб мүшелері |
10 | «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тиімділігі» құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу. | Мамыр | Клуб жетекшісі Танина А. К. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумахан А. А. |
Клуб жетекшісі________ Танина А. К.