“Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері” үйірмесі

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» үйірмесі оқу пәні ретінде, құқық бұзушыларды ұстаумен байланысты алуан түрлі жедел-қызметтік мәселелерді шешеді, сондай-ақ қызметтік-қолданбалы дайындық болып табылады да, тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуын қарастырады.

Осы оқу бағдарламасы оқу орындарының cтуденттері үшін жасалған басқа оқу пәндерінің бағдарламаларымен сабақтастықты және өзара байланысты қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы оқу орындарында дене тәрбиесі даярлығын дайындауда бірден-бір қажет бөлім болып саналады және қызметтік шараларды дереу шешу үшін өте қажет. Оқу пәні негізделген дене шынықтыруды және әскери дайындықты қамтиды, жеке тұлғаның барлық жағынан жетілуін, денсаулығын жақсартуға, Студенттердің дене тәрбиесі және психофизиологиялық жағдайын жақсартуға Қазақстан Республикасының бөлімінің кәсіби мамандарын дайындау процесіне қажет.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері»үйірмесінің мақсаты мен міндеттері.

«Курестің жауынгерлік тәсілдері» үйірмесін оқыту мақсаты әртүрлі жағдайда жедел – тактикалық әркеттерді жоғарғы денгейде жеткізу болып табылады. Бағдарлама студенттердің дене күшін, тактикалық және психологиялық дайындығын қалыптасуын қамтамасыз ету бағытталған.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме жүргізілетін сабақтарда студенттердің қойылатын ерекше талаптар:

– дене күшін сапалы жетілдіру, жоғары моральдық, жігерлік қасиеттерді

тәрбиелеу;

  • әдістерді қайталап жетілдіруге және күрес жүргізуде ептілікке баулу;

– белсенді және батыл әрекет жасауға баулау.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» үйірме жүргізудегі сабақ барысында келесідей, тапсырмалары білім беру, жетілдіру мәселелерді шешуге бағытталады:

  • студенттердің бойында дене шынықтыруды жетілдіруге және салауатты

өмір сүруге қажеттілікті тәрбиелеу;

– студенттердің күрестен спорттық қабілетін жетілдіру;

  • студенттердің ОО-ның құрылымдарында күрестің теория негіздері,

әдістемесі, ұйымдастырылуы бойынша білімдерді меңгерту.

 

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» сабақтарын ұйымдастыру нышандары

Студенттердің үшін «Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме сабақтар жаттығулар мен тәжірибелік, оқу-жаттығу және жарыс түріндегі әдістердің көмегімен жүргізіледі. Оқудың мұндай түрі олардың болашақта қозғалу қабілеттерін жетік меңгеруіне септігін тигізеді. Өз кезегінде, аталмыш оқу тәсілі белсенді өзін-өзі қорғауға, қарусыз қарсыластардың және қаруланған қарсыластардың өзара күресін жүргізуге бағытталған.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме сабақтары 18 сағаттық көлемді қамтитын міндетті тәжірибелік сабақтардан тұрады. «Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме жоспарлы тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу барысында, жаттығушылардың қауіпсіздігін сақтау және оқудың әсерлілігін арттыру мақсатында оқу топтарының жеке құрамы бір оқытушыға 10-15 адамнан тұратындай топтарға жіктеледі.

Сабақтардағы оқу процесі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу материалын зерделеудің кестесі спорт-материалдық базаны есепке ала отырып жүргізіледі.

Оқу процесі студенттердің жан-жақты дамуына бағытталуы қажет. Сондай-ақ, олардың оқу кезеңдерінің барлық деңгейлерінде арнайы жоғары физиологиялық дайындыққа және дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына тұрақты қызығушылық танытуына жету керек.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме жүргізілетін үйірмеден босатылу дәрігердің анықтамасы негізінде, толық емделгенге дейін жүзеге асырылып, уақытша шара болып табылады.

Студенттердің аурудан айыққан соң, жіберіп алған сабақтарды қайталап, қосымша тапсырмалар орындайды.

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша үйірме жүргізілетін үйірме курстың соңында жаттыққан студеттерге тұрақты меңгерген тәсілдер мен әдістерді қолданып, құқық бұзушыны шапшаң және көп күш жұмсай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдана ұстай білуі керек.

 

«Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері» бойынша

үйірме жұмысының жоспары

(аптасына 1.5 сағат, жылдық 18 сағат)

 

Тақырып атауларыCағатМерзіміУақыты
12345
1.Жалпы дамытатын, дайындық және арнайы жаттығулар.1.5сейсенбі15:00
2. Қолмен соққылар1.5сейсенбі15:00
3.Аяқпен соққылар1.5сейсенбі15:00
4.Тұрып лақтыру тәсілдері.1.5 сейсенбі15:00
5.Жатып күрресу тәсілдері.1.5сейсенбі15:00
6.Ауыртатын және тұншықтыратын тәсіллдер.1.5сейсенбі15:00
7. Қоян-қолтық тәсілдердің комбинациясы, топтық шабуылдан өзін-өзі қорғау тәсілдері.1.5сейсенбі15:00
8.Қолды әртүрлі күйде арқаға қайыру, ілесіп жүру.1.5сейсенбі15:00
9.Қолмен қармау және құшақтап ұстаудан босату.1.5сейсенбі15:00
10.Оқу-жаттығу ұрыстары.1.5сейсенбі15:00
11.Оқу-жаттығу ұрыстары.1.5сейсенбі15:00
12.Оқу-жаттығу ұрыстары.1.5сейсенбі15:00
Барлығы18